Қоғамдық әділеттілікті қолдау тәсілдеріFarabi University

Қоғамдық әділеттілікті қолдау тәсілдері

9 желтоқсан, 2024

Қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті О.Н. Тілепбергенов пен “Елтұтқа” клубының ұйымдастыруымен “Қоғамдық әділеттілікті қолдау тәсілдері” тақырыбында 2024 жылы 6 желтоқсан күні дөңгелек үстел өтті. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда әділеттілікті нығайту жолдарын талқылау, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызды мәселелерді көтеру болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар: Әділеттілік принциптерін жүзеге асырудың құқықтық механизмдерін талқылады; Қылмыстық істерді әділ жүргізу және азаматтық құқықтарды қорғау жолдары бойынша пікір алмасты; Қоғамдық сананы әділеттілік құндылықтарына тәрбиелеу мәселелерін қарастырды. Қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру мен қоғамдық әділеттілікті нығайтуда білім мен тәжірибенің маңыздылығын атап өтті.
Шара соңында әділеттілікке негізделген қоғам құру үшін құқық қорғау органдарының, білім беру мекемелерінің және азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерінің қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.