Адам ағзасы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы тақырыбында көшбасшылық дәріс
2024 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 14:30-да 219 аудиторияда «Адам ағзасы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы» тақырыбында көшбасшылық дәріс өтті. Шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ), соның ішінде ТДМ №3 — «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына әл-ауқатқа жәрдемдесу» аясында ұйымдастырылды.
Бас нутрициолог және диетолог Ақтілек Ерболқызы дұрыс тамақтанудың денсаулықты сақтау үшін маңыздылығын түсіндіріп, теңгерімді рацион құру бойынша практикалық ұсыныстарымен бөлісті және күнделікті тамақтану әдеттерінің аурулардың алдын алуға қалай әсер ететінін айтты. Спикер дұрыс тамақтанудың физикалық қана емес, психологиялық әл-ауқатқа да қол жеткізуге көмектесетін маңызды фактор екенін атап өтті, бұл жаһандық тұрақтылық мақсаттарына толық сәйкес келеді.
Студенттер мен қатысушылар денсаулықты сақтау және созылмалы аурулардың алдын алу үшін дұрыс рацион құруды, сондай-ақ алған кеңестерін өздерінің өнімділігін арттыру мен үлгерімді жақсарту үшін қалай пайдалану керектігін үйренді. Сонымен қатар, олар салауатты өмір салтының жеке және кәсіби дамуға қалай ықпал ететінін түсінді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: э.ғ.д., профессор Сансыбаева Х.Н., э.ғ.к., доцент Аширбекова Л.Ж., аға оқытушы Аристанова Р.Г. «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» мамандықтарының магистранттары мен студенттері.
Бұл шара қатысушыларды өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінуге және оны табысты болашақтың негізі ретінде қабылдауға шабыттандырды.
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Есіңізде болсын: сіздің денсаулығыңыз — тек өзіңіздің ғана емес, қоғамның әл-ауқатына қосқан үлесіңіз.