«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қор Turkistan MarathonFarabi University

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қор Turkistan Marathon

28 қазан, 2024

Скандинавиялық серуендеу - бұл барлық жастағы адамдар үшін танымал денсаулық және физикалық белсенділік. Мұндай пайдалы серуенді кез келген ауа-райында жасай алуға болады. Скандинавиялық серуендеу бұлшық еттің жақсы қозғалып,еркін тұрып-жүруге ықпалын тигізеді. 2024 жылдың 27 қазанда үшінші рет «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қор Turkistan Marathon өткізілген болатын. Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам қатысты.Соның ішінде біздің денсаулық сақтау саясат және ұйымдастыру кафедрамыздың аға оқытушы Байгонова Кайни апай қатысып,жүлделі медаль марапатын алды.Біздің аға оқытушыларымыз тек сабақ беріп қана қоймай,денсаулыққа пайдалы спорт түрлерімен айналысады.