"Дарын" жастар сыйлығының лауреаттарын құттықтауFarabi University

"Дарын" жастар сыйлығының лауреаттарын құттықтау

12 желтоқсан, 2024

Құрметті әріптестер, студенттер және достар!

Дарынды әріптестерімізді беделді мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері атануларымен шын жүректен құттықтаймын!

«Ғылым» номинациясында лайықты марапат университетіміздің электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасының меңгерушісі, доцент Мальчик Федор Игоревичке берілді. Оның көрнекті ғылыми жетістіктері мен ғылымның дамуына қосқан үлесі жоғары бағаға лайық.

«Әдебиет» номинациясы бойынша жүлде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің докторанты Әліқожа Бауыржан Омарұлы марапатталды. Оның әдеби таланты мен ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі өскелең ұрпаққа үлгі болып табылады.

Бұл марапаттар олардың жеке еңбегінің бағалануы ғана емес, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары ғылыми және мәдени әлеуетінің дәлелі деп білеміз.

Сізге жаңа биіктер, шабыт және кәсіби қызметіңізде одан әрі табыс тілеймін! Біз сізбен мақтанамыз және сіздің жетістіктеріңіз бәрімізді көбірек ұмтылуға ынталандырады деп сенеміз!

Ізгі ниетпен,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы

э.ғ.к. қауым. профессор Даулиева Г.Р.