ТДМ-3 "Жақсы денсаулық және әл-ауқат”

2024 жылдың 4 желтоқсанында “Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасының оқытушысы Базартаева Е.Б. 109-топ студенттерімен бірге ТДМ-3 "Жақсы денсаулық және әл-ауқат” тақырыбы бойынша Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында 109-топ студенттері “Жаңа жыл” қарсаңында балалардың көңіл-күйін көтеріп,ойыншықтар,тәттілер,сонымен қатар дәрумендерге толы жеміс-жидектерді табыстады. Бұл балаларға үлкен сыйлық болды. Себебі,олар аса ауыр дертпен күресіп жатқан кішкентай періштелер.
Біздің мақсатымыз-оларға барынша қолдау көрсету,мұңаюға жол бермеуіміз.
“Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасы