«Қ. Бегалиев – прокурор, ғалым, ұстаз»Farabi University

«Қ. Бегалиев – прокурор, ғалым, ұстаз»

15 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

15 қараша 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң ғылымдарының докторы, профессор Қалауша Әділханұлы Бегалиевті еске алуға арналған халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

“Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасының профессорлық - оқытушылық құрамы қатысты. Атап айтсақ, кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Усеинова К.Р., з.ғ.д., профессор Ибраева А.С., з.ғ.к., доцент Исабеков А.К. және з.ғ.к. Турсынкулова Д.А. қатысты.

Тақырыбы: «Қ. Бегалиев – прокурор, ғалым, ұстаз»

 Іс-шараға қазақстандық және халықаралық құқық саласының ғалымдары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен Қ. Бегалиевтің әріптестері мен шәкірттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қалауша Ділханұлының еліміздің құқық жүйесін дамытудағы рөлі, прокурорлық қызметі және ұстаздық жолы кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстел қатысушылары Қалауша Ділханұлының еңбегін ұрпаққа үлгі ретінде бағалап, оның құқық саласындағы мұрасының маңыздылығын атап өтті. 

Қ. Бегалиев – ғылым мен әділет жолындағы жарқын тұлға.
Бұл іс-шара ғалымның есімін ұлықтап, құқық саласының қазіргі және болашақ мамандарына үлкен серпін берді.

“Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасы