«Кім жылдам? Макроэкономикалық интеллектуалды ойын»Farabi University

«Кім жылдам? Макроэкономикалық интеллектуалды ойын»

21 желтоқсан, 2024

Студенттер арасында ТДМ-8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағытына сәйкес  Тұраров Дәурен Рыскулович пен Андабаева Гүлмира Кенжегалиевнаның ұйымдастыруымен  «Кім жылдам? Макроэкономикалық интеллектуалды ойын» тақырыбында 13 желтоқсан күні ерекше іс-шара өтті. Бұл шара жастардың экономикалық білімін тереңдетуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға және командалық жұмыс дағдыларын арттыруға бағытталды.

Іс-шараның мазмұны өте қызықты әрі танымдық болды:

  • қатысушылар экономиканың өзекті мәселелерін талқылап, нақты шешімдер ұсынды;
  • қызықты сұрақтар мен тапсырмалар арқылы макроэкономика саласындағы білімдерін сынады;
  • топтық ойындар арқылы студенттер көшбасшылық қасиеттерін және ұжымда тиімді жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.

Іс- шара нәтижесінде Әбіләкім Қамар 1-орын, Кольканат Абылайхан 2-орын, Қасқырбек Қайрат 3-орын иеленді.

Бұл іс-шара студенттердің экономикалық ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуға деген ынтасын арттырды.