- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ҚАЗАҚ-ЖАПОН-ҚЫТАЙ «ALGABIOTECH» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЛТАНАТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ҚАЗАҚ-ЖАПОН-ҚЫТАЙ «ALGABIOTECH» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЛТАНАТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

2024 жылдың 20 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті базасында Қазақ-Жапон-Қытай AlgaBioTech халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы өтті. Бұл Орталық ғылыми прогреске, халықаралық ынтымақтастыққа және тұрақты дамуға деген ұмтылысымыздың жарқын мысалы болып табылады.
Осы орталықтың құрылуы Жапония мен Қытайдағы серіктестеріміздің қолдауының, сондай-ақ ғалымдарымыздың ерекше ынтасы мен қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды. Біз бұл орталықтың қазіргі заманның маңызды – климаттың өзгеруімен және қоршаған ортаның ластануймен күресуден бастап, энергетика, ауыл шаруашылығы және медицина салаларында тұрақты биотехнологиилық шешімдерді әзірлеуге дейінгі мәселелерді шешу алаңына айналатынына сенімдіміз.
Орталық директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Казыханұлы. биотехнологияның заманауи әдістерін әзірлеуге оларды өнеркәсіпте және табиғатты қорғау саласында енгізуге бағытталған көптеген жобалардың ғылыми жетекшісі болып табылады.
Микробалдырлар мен цианобактериялар сияқты фототрофты микроорганизмдер осы жаңа орталықтың зерттеу нысандары. Бұл бірегей организмдер жоғары биологиялық белсенділік, көмірқышқыл газын оттегі мен органикалық қосылыстарға айналдыру және биологиялық белсенді заттарды өндіру қабілеті сияқты керемет қасиеттерге ие. Олардың потенциалы биоотын өндірісі мен биотыңайтқыштардан ластанған экожүйелерді тазартуға және жаңа медициналық препараттарды жасауға дейінгі экологиялық таза технологияларды дамытуға перспективті шешімдер табуға мүмкіндік береі. Орталық бірнеше негізгі бағыттарға назар аударады. Біріншіден, микробалдырлар мен цианобактериялардың штамдарын қолдана отырып, биодизель, биогаз және биоэтанол сияқты баламалы энергия көздерін алу технологияларын зерттеу және әзірлеу. Біз бұл технологиялар қалпына келмейтін ресурстарға тәуелділікті азайтуға және көміртегі ізін азайтуға үлес қосуға көмектесетініне сенімдіміз. Екіншіден, биоремедиация бағытында — топырақ пен су объектілерін ластаушы заттардан тазартуға көп көңіл бөлінетін болады. Цианобактериялар мен микробалдырлар өздерінің табиғи биологиялық процестерінің арқасында экожүйелерді қалпына келтірудің және қоршаған ортаға келтірілген зиянды азайтудың қуатты құралы бола алады. Биоресурстарды сақтау да маңызды бағыт болады. Орталық Қазақстанның жағдайына бейімделген фототрофты микроорганизмдер штаммдарының коллекциясын құруды жоспарлап отыр, бұл біздің өңірдің ерекшеліктерін ескеретін технологияларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар


