Біздің халықаралық тұрақты даму бойынша жобалық оқу курсына қосылыңыз!Farabi University

Біздің халықаралық тұрақты даму бойынша жобалық оқу курсына қосылыңыз!

19 желтоқсан, 2024

Сіз – тұрақты даму тақырыбына қызығушылық танытатын, бакалавриаттың (3 курс немесе одан жоғары) немесе магистратураның белсенді студентісіз бе? Халықаралық студенттермен жұмыс істеп, тәлімгерлерден білім алғыңыз келе ме? Ендеше, бұл сіздің мүмкіндігіңіз!

Бұл курс бес жетекші университеттің халықаралық ынтымақтастығының бір бөлігі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан), Әзірбайжан мемлекеттік экономика университеті (Әзірбайжан), Шанхай университеті (Қытай), ZHAW басқару және құқық мектебі (Швейцария), Haute école de gestion Arc (Швейцария). Бұл ынтымақтастық ХХІ ғасырдың сынақтарына дайындалу үшін қажетті білімді, дағдыларды және ұстанымдарды дамытуға бағытталған.

Курс маңызды құзыреттерді дамыту және жаһандық, бірлескен ортада практикалық тәжірибе алу үшін бірегей мүмкіндік ұсынады. ЭЫДҰ анықтамасына негізделе отырып, сіз жергілікті, жаһандық және мәдениаралық мәселелерді зерттеуге, мағыналы диалогқа қатысуға және қоғам игілігі мен тұрақты даму үшін әрекет етуге қажетті білім, дағдылар және ұстанымдарды меңгересіз. Бағдарлама Еуропалық тұрақтылық қағидаттарын қамтиды және жүйелік ойлау, сыни тұрғыдан ойлау, мәселелерді қалыптастыру, бейімделу және зерттеушілік ойлау сияқты негізгі құзыреттерге назар аударады.

Студенттер тұрақты даму саласындағы нақты мәселелерді шешіп, саланың талаптарына сәйкес келетін инновациялық шешімдерді әзірлейді. Халықаралық командаларда жұмыс істеу арқылы қатысушылар әртүрлі елдерден келген әріптестерімен ынтымақтасып, жаһандық тәлімгерлерден бағыт-бағдар алады, бұл олардың халықаралық ортада табысты болуына ықпал етеді.

Осы курсқа қатыса отырып, сіз жаһандық еңбек нарығында бәсекелестік артықшылыққа ие боласыз, халықаралық бизнес пен басқаруда жоғары бағаланатын құзыреттерді дамытасыз, тұрақты даму мәселелерін шешуге арналған жобаларға үлес қосасыз және әлемнің түкпір-түкпіріндегі қатысушылар мен тәлімгерлермен кәсіби байланыстарыңызды кеңейтесіз.

Маңызды дағдыларды дамыту және тұрақты болашаққа үлес қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Курс ақпан айының соңында басталады. Курске өтініш беру үшін бізбен +77015300030 телефоны немесе электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: +77015300030. Орындар шектеулі, сондықтан бұл мүмкіндікті пайдалануды ұмытпаңыз. Келіңіздер, тұрақты болашақты бірге құрайық!