Ағымдағы жылдың, 18- желтоқсан күні «Ғылыми-инновациялық зерттеулердің Ұлттық академиясының (NACSIR)» ұйымдастырылуымен, «2024-жылдың Ең үздік студенті» атты халықаралық байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті. Аталмыш байқауға әлемнің түкпір-түкіпірнен келген студенттер қатысуға өтініш білдіре алды. Байқау қорытындысын жариялауға ҚР білім саласына үлес қосқан ғалымдар, оқу-ағарту ісінің үздіктері келіп, алғы сөздерін айтты. Сөз сөйлеу барысында қазіргі ғылым саласының даму процесі мен нәтижелері, Жастардың білімге деген көзқарастары, сапалы білім берудің айқын мақсаттары айтылды.
Осы халықаралық байқауға ТДМ-4 Сапалы білім беруді жүзеге асыру шеңберіндеЭкономика білім беру бағдарламасының 2- курс студенті Тохтарбай Кербез Русланқызы қатысып, «2024 жылдың Ең үздік студенті» атағына ие болып, 1-дәрежелі диплом мен арнайы статуэтка, төсбелгісімен марапатталды. Оған қоса ғылыми жетекшісі Андабаева Гульмира Кенжегалиева білімді ұрпақ тәрбиелеп, бағыт-бағдар бергені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Білімді ұрпақтың жеңісті күндері көп болсын!