- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тармағы аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы магистрантының кезекті аудармасы жарық көрді
«Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ)» «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тармағы аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы магистрантының кезекті аудармасы жарық көрді
Қазіргі кезде түрлі мәдениеттер мен тілдер арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған жобалар ерекше маңызға ие. Осындай жобалардың бірі - «Бір беттік кітап» деп аталады. Жобаның авторы ирандық жазушы Мехди Миразими. «Бір беттік кітап» — ерекше форматтағы жоба, онда әрбір әңгіме бір бетке ықшамдалып жазылады. Бұл тәсіл оқырмандарға мәтінді жылдам әрі түсінікті түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Бір бет – автордың негізгі идеясын жеткізуге арналған кеңістік қана емес, шығармашылық шектеулер аясында ойды қалай жеткізудің тамаша мысалы. Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедарсы ирантану бөлімінің 1 курс магистранты Гаухар Омарханова «Бір беттік кітап» жобасына қатысып, парсы тілінен 50-ге жуық әңгімені қазақ тіліне аударып, қазақ оқырмандарына жаңа дүниелерді ұсынды. Әрбір әңгіме – шағын ғана бір бетке сыйғанымен, оның мазмұны терең, ойы айқын, оқырманды ойландырып, шабыттандырады. Бір беттік кітап Алматы қаласында «Отбасы хрестоматиясы» баспасынан жарық көріп, оқырмандарға жол тартты. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен онлайн кітап дүкендерінде үлкен қызығушылық тудырды.