Алғаш рет Биология және биотехнология факультетінің 7 оқытушысы «Үздік ЖОО оқытушысы» байқауының жеңімпазы атандыFarabi University

Алғаш рет Биология және биотехнология факультетінің 7 оқытушысы «Үздік ЖОО оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды

27 желтоқсан, 2024

Биология және биотехнология факультетінің 7 оқытушысы «Үздік ЖОО оқытушысы – 2024» байқауының жеңімпазы атанды, бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де осы атаққа биыл ие болған 36 адамның 19%-ын құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы байқауда қазақстандық 38 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы үздік деп танылды. Байқау 2000 АЕК көлемінде сыйақыны қамтиды, бұл 7 миллион теңгеден астам соманы құрайды. «Үздік ЖОО оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандырудан басқа төсбелгімен марапатталатын болады.

Байқау мұғалім мамандығының беделін арттыру және олардың әрі қарай кәсіби өсуіне ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Байқауда электрондық білім беру ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және басып шығару, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабыстарға патенттердің болуы және т.б сияқты көрсеткіштер бағаланды. Сондай-ақ талапкердің оқыту сапасы мен оның бакалавриат, магистратура және докторантурада оқытуға қосқан үлесі бағаланды.

Барлық марапат иегерлерін жоғары жетістікпен құттықтаймыз және еңбектеріне табыс тілейміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығына, Ғылым және Жоғары білім министрлігіне және Қазақстан Республикасының Президентіне ғылым мен білімнің дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.