- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биология және биотехнология факультеті 2023-2024 оқу жылында университет факультеттері арасындағы жалпы рейтингте 2-орынды иемденгені үшін қаржылай сыйақымен марапатталды
Биология және биотехнология факультеті 2023-2024 оқу жылында университет факультеттері арасындағы жалпы рейтингте 2-орынды иемденгені үшін қаржылай сыйақымен марапатталды

Биология және биотехнология факультеті 2023-2024 оқу жылы бойынша университет факультеттерінің жалпы рейтингінде 2 орын иемденіп, жоғары индикативті көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Сонымен қатар, индикативтік көрсеткіштер бойынша жеке рейтингте жоғары балл жинаған профессор-оқытушылар құрамына да ақшалай сыйақы берілді. Осындай жоғары жетістіктерге жетуге үлес қосқан әріптестерімізге шын жүректен алғыс айтамыз. Бұл марапат – факультет ұжымының табанды еңбегі мен бірлігінің жемісі.
Факультетіміздің еңбегін жоғары бағалап, әрдайым қолдау білдіріп отырған ҚазҰУ ректоры Ж.К Түймебаев мырзаға факультет ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз. Мұндай бағалау және қаржылық сыйақы алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге зор ынталандыру болатынына сенеміз!
Басқа жаңалықтар


