«АИТВ/ЖИТС ғасыр індеті»Farabi University

«АИТВ/ЖИТС ғасыр індеті»

9 қаңтар, 2025

2024 жылғы 28 қарашада биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы Сырайыл С. 6B01502-Биология мамандығының 1 курс студенттерімен «АИТВ/ЖИТС ғасыр індеті» тақырыбы бойынша ТДМ 3 шеңберінде кез келген жастағы барлық адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатына жәрдемдесуге ықпал ету мақсатында дәріс өткізілді.

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.

Іс-шара аясында салауатты өмір салтының жағымды бейнесін қалыптастыру және АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру. Студенттердің өз денсаулығына, қарама-қарсы жыныспен қарым-қатынасына қатысты хабардарлық деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы білім деңгейін арттыру бойынша іс шара ұйымдастырылды.