А.Пожарскийдың диссертациясын алдын ала қорғауы
2025 жылғы 14 қантарында «8D05105 - Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Пожарский Александр «Қазақстандық қызанақ сорттарының генофондын зерттеу және геномды редакциялау» тақырыбында диссертациясын алдын ала қорғады.
Жұмыс Oidium neolycpersici саңырауқұлағы тудыратын ақұнтақты кеселіне төзімділікке қол жеткізу үшін патогенге төзімділік маркерлеріне молекулалық скрининг арқылы таңдалған отандық қызанақ сорттарының геномдық редакциясына арналған. Бұл жұмыста Қазақстандық селекциядағы қызанақ сорттарының генетикалық әртүрлілігі шетелдік сорттармен салыстырмалы түрде алғаш рет сипатталды. Қызанақтың перспективалы сорттарын геномдық өңдеу ақұнтақ кеселіне төзімділігі жоғары өсімдік формаларын жасауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеулер нәтижесінде трансгендік тізбектерден таза өсімдіктер алуға болады.
Диссертациялық жұмыс сонымен қатар 2 «Аштықты жою» тұрақты даму мақсатының (ТМД) аспектілерін қарастырады.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы