
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған ТДМ № 17 шеңберінде және Дүниежүзілік сайлау күніне орай дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс шараға заң факультетінің басшылығы, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры, 259 сайлау учаскесінің төрайымы – Айгаринова Гулнар Тулеухадировна, 259 сайлау учаскесінің төраға орынбасары – Байтурбай Орынбасар, заң факультетінің студенттері, сонымен қатар, Бостандық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы - Қалиасқарова Шолпан Рысбековна, Бостандық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары - Бекбосынова Гульим Нурадиловна, Бостандық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы - Совет Көркемай Қайсарқызы қатысты.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткізілген дөңгелек үстел, заң факультеті студенттерінің арасында сайлау туралы заңнамалары жүзеге асырылуы бойынша, өз құқықтары мен міндеттерін үйретуге бағытталды. Сонымен қатар, сайлануға құқықты дәріптеу мақсатында бойынша «Мен болашақ депутаттыққа кандидат» атты пікір сайыс өткізілді. Заң факультетінің 305 топ студенттері Бақыт Ерсултан мен Күнтуған Дариға өзінің мәслихат депутатына кандидаттық бағдарламаларын ұсынды. Депутаттыққа үміткерлер, білім беру жүйесі, Алматы қаласының экологиялық хал ахуалы, кептеліс мәселесі, жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы күрес сияқты мәселелерді көтеріп, олардың шешу жолдарын ұсынды.
Бостандық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы - Қалиасқарова Шолпан Рысбековна өз баяндамасында, сайлау жүйесі, елімізде өткен сайлаулардың қысқаша тарихы мен соңғы енгізілген өзгерістер туралы пікір алмасылды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Басқа жаңалықтар

