«Тарих және тұлға: зияткерлік және құндылық бағдары»Farabi University

«Тарих және тұлға: зияткерлік және құндылық бағдары»

18 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, зерттеуші-ғалым Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдығына арналған «Тарих және тұлға: зияткерлік және құндылық бағдары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Конференцияға “Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасының аға оқытушылары және заң факультетінің студенттері қатысты. 

 Конференция барысында Оңдасыновтың ел дамуына қосқан үлесі, оның мемлекет қайраткері ретіндегі рөлі мен ғылыми мұралары талқыланды. Шараға ғалымдар, қоғам қайраткерлері және жас зерттеушілер қатысып, Оңдасыновтың еңбектері қазіргі заманның өзекті мәселелерімен байланыстыра отырып қарастырылды.
 «Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасы