Жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының рөлі: Бостандық ауданының ПІБ өкілдерімен кездесуFarabi University

Жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының рөлі: Бостандық ауданының ПІБ өкілдерімен кездесу

29 қаңтар, 2025

Бүгін "6B12301-құқық қорғау қызметі" және "6B04205-құқықтану" білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттерінің Бостандық аудандық полиция басқармасының өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шараға Бостандық ауданы ПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қ. А. Тоқтыбаев, тәрбие және кадр саясаты жөніндегі аға инспектор полиция подполковнигі Ж. Р. Қашқынбаева, әкімшілік полиция бөлімінің аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция лейтенанты М. О. Игисинов, сондай-ақ Бостандық ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Шерім Д. О.қатысты.Кездесу барысында спикерлер студенттерге ішкі істер органдарының әртүрлі бөлімшелеріндегі қызметтің ерекшелігі, тәртіп сақшыларының күнделікті міндеттері туралы айтып, қызметке кіру тәртібі, қызметтік тәртіпке қойылатын талаптар, сондай-ақ қызметкерлерді әлеуметтік қорғау кепілдіктері туралы ақпаратымен бөлісті. Автомобиль апаттары санының өсуі және қозғалыс қарқындылығының артуы жағдайында жол қозғалысы ережелерін сақтаудың өзекті тақырыбына ерекше назар аударылды. Жол қауіпсіздігін және жол қозғалысы ережелерін сақтау жауапкершілігін арттырудың маңыздылығы талқылаудың басты мәселесі болды.