ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар»Farabi University

ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар»

29 қаңтар, 2025

2025 жылы 29 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінде Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары з.ғ.д. Баймаханова Д.М., з.ғ.к. Мыңбатырова Н.Қ. және «Мемлекеттік және құқық тарихы» студенттік клубы мүшелерінің (заң факультетінің 204 тобы) ұйымдастыруымен «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» ТДМ 16 аясында, барлық студенттердің «Татьяна күні» Халықаралық мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Өз сөзінде спикер 204 топ студенті Ұлан Сапарбаев, орта ғасырларда Еуропада барлық студенттердің халықаралық мерекесінің пайда болу тарихы туралы айтып берді. Байділдаева Жанерке бұл мерекенің студенттік өзін-өзі басқару дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

Оқытушылар Н.Қ. Мыңбатырова мен Д.М. Баймаханова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде өзін-өзі басқару дәстүрлері туралы айтып берді. Олар студенттік деканның, студенттік Сенаттың қызметіне және студенттерді оқу процесіне тартудың басқа түрлеріне ерекше назар аударды. Студенттер спикерлерге, оқытушыларға жатақханалардағы өзін-өзі басқаруға қатысты көптеген сұрақтар қойды.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы