Тілдің гендерлік жіктелу факторы
Шетел филологиясы мамандығының І курс докторанты Әнуар Гүлшат 29.02.2025 күні педагогикалық практика аясында «Шетел филологиясы» мамандығының III курс студенттеріне 5 ТДМ «Гендерлік теңдік» аясында «Тілдің гендерлік жіктелу факторы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Шараға шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, топ эдвайзері Г.Дайрабекова да қатысты.
Шара барысында гендерлік қатынастардың тіл мен сөйлеудегі көрінісін талдау барысында гендер көбінесе əлеуметтік-лингвистикалық жəне прагматикалық фактор ретінде танылатыны баса айтылды. Бұл жайттарды білу, мүмкін болса кеңейтілген зерттеулерге баруға болатыны туралы бағыттар ұсынылды. Тіл білімінің басқа салаларын, лексика мен грамматиканы, тілдік таңба мен сөйлеуші арасындағы қатынас (референция) теориясының мəселелерін, лингводидактика мен лингвомəдениеттануды, тіл тарихын, психолингвистиканы гендерлік қырынан зерттеп, тіл білімі үшін мəнді деректер алуға болады. Тілдік сана ретінде ең алдымен, тілдік құралдар арқылы, яғни сөздермен, тіркестермен, фразеологизмдермен, мəтіндермен, ассоциативтік өріспен, сондай-ақ осы өрістің жиынтығы ретіндегі ассоциациялық тезауруспен көрініс табатын сана бейнелері қарастырылады. Сөздің ассоциативтік мағынасына зер сала отырып адамның тілдік санасында əлем бейнесінің құрылымдану көрінісін анықтап, адамзаттық ментальдік ерекшеліктерге талдау жасап, гендерлік компонентпен байланысын білуге болады. Міне, осы жоғарыда айтылған гендерлік лингвистиканың маңызды мәселелері тілдің гендерлік жіктелу факторын анықтап, сол арқылы ұлтты тани түсі мүмкіндігі бар екені айтылды. Аталған білім ағылшын филологиясын меңгеріп жатқан болашақ мамандарға қажетті екені белгілі.
Іс-шарада қарастырылған мәселелер студенттерге ұнады. Студенттерге аталған тақырып бойынша талқылау жүргізіп, өз ойларын айту үшін мүмкіндіктер берілді. Шара қазақ және ағылшын тілдерінде өткізілді.
Ұйымдастырушылар:
Шетел филологиясы мамандығының І курс докторанты Әнуар Гүлшат
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, Г.Дайрабекова