Юридикалық білім беру дамуы – әкімшілік әділетке назар аудару

Юридикалық білім беру дамуы – әкімшілік әділетке назар аудару
2025 жылғы 20 қаңтардан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің оқытушылары «Құқық негіздері және антикоррупциялық мәдениет» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өтуде.
Курс жоғары деңгейде ұйымдастырылды, оған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының, Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының, сондай-ақ заң факультетінің деканатының қолдауы арқасында қол жеткізілді. Олар оқытушылардың кәсіби дамуына тұрақты түрде ықпал жасап, өзекті білімдер мен озық оқыту әдістемелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Арнайы алғысымызды осы курстың спикері, заң факультетінің ең құрметті профессорларының бірі, заң ғылымдарының докторы А.С. Ибраеваға білдіреміз. Оның терең білімдері, жоғары кәсібилігі және материалды жеткізу шеберлігі оқытуды пайдалы әрі нәтижелі процеске айналдырды, қатысушыларға құқықтың күрделі аспектілерін жеңіл әрі қолжетімді түрде меңгеруге мүмкіндік берді.
Курс бағдарламасы құқықтың әртүрлі салаларындағы жаңалықтарды қамтыды. Сонымен, курстың бір жұмыс күні Қазақстандағы әкімшілік әділетті дамытудың маңызды кезеңі болған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (ӘРПК) зерттеуге арналды.
Оқу барысында:
- Әкімшілік рәсімдік-процестік құқықтағы жаңа тәсілдер талқыланды;
- Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот өндірісінің құқықтық реттелуі зерттелді;
- ӘРПК-ны кәсіби қызметте қолдануға арналған практикалық дағдыларды дамытуға көңіл бөлінді.
Нәтижесінде, курс оқытушыларға әкімшілік сот өндірісінің механизмдері мен азаматтардың қоғамдық құқықтық даулардағы құқықтарын қорғау туралы өзекті білімдер берді. Бұл, әсіресе, «тыңдайтын мемлекетке» бағытталған, қызмет көрсетуге бейім, тиімді және кәсіби мемлекеттік басқару моделінің контексінде маңызды болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тағы да еліміздің жетекші құқықтық жоғары оқу орны ретінде жоғары мәртебесін растап, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және оқу процесіне жаңа білімдерді енгізуге деген ұмтылысын көрсетті.
Курс тыңдаушысы: заң ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Кегембаева.
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы
Басқа жаңалықтар

