- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Study the importance of Chinese cultural connotations» тақырыбындағы ғылыми семинар
«Study the importance of Chinese cultural connotations» тақырыбындағы ғылыми семинар

2025 жылғы 4 ақпанда «8D02305 – Шетел филологиясы» мамандығының 1-курс докторанты Цзин Сяньюй «Study the importance of Chinese cultural connotations».арналған ғылыми семинар өткізді. Іс-шараға қытайтану кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен докторанттары қатысып, талқыланған тақырып бойынша мазмұнды пікірталас өткізді. Семинар барысында қытай мәдениетінің тілде, әдебиетте және мәдениетаралық коммуникацияда көрініс табатын негізгі аспектілері қарастырылды. Әсіресе, қытай тілінің дәстүрлі идиомаларында (成语), сандар мен түстердің символикасында, сондай-ақ мифологиялық бейнелерінде көрініс табатын мәдени коннотацияларды талдауға ерекше назар аударылды. Баяндамашы сондай-ақ қытай мәдени реалийлерін аудару және бейімдеу мәселелеріне тоқталып, жасырын мағыналар мен бейнелі тіркестерді мәдениетаралық коммуникацияда жеткізудің қиындығын атап өтті. Күрделі фразеологизмдер мен метафоралардың аударма үлгілері ұсынылып, олардың контекстке байланысты түсіндірілу стратегиялары қарастырылды. Сонымен қатар, семинар аясында пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар қытай мәдени ерекшеліктерінің қытай әдеби шығармаларын шетелде қабылдауға әсері туралы ой бөлісті. Ғаламдану жағдайында қытай тілін және мәдениетін зерттеудің заманауи үрдістері, сондай-ақ қытай көркем және философиялық ойының таралуындағы аударманың рөлі талқыланды. Семинар тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, бұл қойылған сұрақтар мен белсенді пікірталас барысында айқын көрінді. Осындай іс-шаралар қытай мәдениеті туралы терең білім алуға және филология мен аударма саласындағы зерттеушілердің мәдениетаралық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

