- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Биоалуантүрлілікті сақтау және олардың жойылып кетуінің алдын алу» атты тәрбие сағаты өтті.
«Биоалуантүрлілікті сақтау және олардың жойылып кетуінің алдын алу» атты тәрбие сағаты өтті.

Педагогикалық практика аясында Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ-15) сәйкес 2025 жылдың 13 ақпанында «Биоалуантүрлілікті сақтау және олардың жойылып кетуінің алдын алу» атты тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараны педагогика және менеджмент кафедрасының п.ғ.к., доценті Б.И. Иманбекова, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD., қауым.профессоры А.С. Нурмаханова жетекшілігімен «Геоботаника» мамандығының 1- курс докторанттары ұйымдастырды.
Тәрбие сағаты ҚазҰҚПУ базасында өткізіліп, оған ҚазҰУ докторанттары, осы ұйымның қызметкерлері мен студенттері белсене қатысты. Тәрбие сағатында:
✓ «Биоалуантүрліліктің адамзат үшін маңызы»
✓ «Биоалуантүрліліктің жойылуына әсер ететін факторлар»
✓ «Биоалуантүрлілікті сақтау»
«Тұрақты даму мүддесін қолдау» атты бүгінгі күннің аса өзекті мәселелері екі университет білім алушылары арасында қызу талқыланып, ұтымды ұсыныстар жасалды. Іс-шара соңында ҚазҰҚПУ -нің білікті мамандары б.ғ.к. А.М. Калекешов және б.ғ.к., профессор м.а. Л.Е. Ануаровалар биоалуантүрлілікті сақтаудың қазіргі инновациялық жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар ұйымдастырушыларға табиғатымыздағы тепе-теңдікті сақтау және биоалуантүрліліктің жойылып кетуінің алдын алуға қосқан үлесі мен студенттердің белсенділігі үшін алғыстарын білдірді. Іс-шара қатысушылардың табиғатымызды қорғауға, биоалуантүрлілікті сақтауға үлес қосу әркімнің азаматтық борышы дегенмаңызды қорытынды жасаумен аяқталды.
Басқа жаңалықтар


