Этномедиация бойынша дөңгелек үстел

Шығыстану факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, сондай-ақ Қазақстан корейлері қауымдастығы Президиумының мүшесі Қарағанды университеті Е.А. Бөкетов атындағы философия және психология факультеті мен Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстандағы этномедиацияның тарихы, теориясы және даму тәжірибесі» атты дөңгелек үстелге қатысты. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды және Қарағанды облыстық «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйінің базасында өтті.
Дөңгелек үстелге Ассамблея құрылымдарының өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, сондай-ақ өңірдің ғылыми қоғамдастығы қатысты. Олардың қатарында:
• Виталий Альбертович Хмелевский – Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, «Қарағанды облыстық поляк қоғамы «Полония» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
• Луиза Магомедқызы Узaрова – Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығының директоры (Астана қаласынан онлайн қосылды);
• Бибісара Аубакірқызы Әмірова – психология ғылымдарының докторы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің профессоры;
• Анжела Алванқызы Инджиголян – кәсіби медиатор, социология ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің ассистент профессоры, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ маманы;
• және басқа да беделді сарапшылар қатысты.
Еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтіп жатқан осынау маңызды жылы мұндай ауқымды әрі мәні зор іс-шараның өткізілуі ерекше өзекті болып табылады. Бүгінде Қазақстан әлемдік кеңістікте көпұлтты құрамы мен ең бастысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты бірегей құрылымының болуымен ерекшеленеді. Бастапқыда кеңесші орган ретінде құрылған бұл институт бүгінде Парламентте өкілдік ету құқығына ие болды.
Шығыстану факультетінің басшысы ретінде, көптеген елдері мультикультурализм мен жаһандану кезеңдерін бастан өткеріп жатқан Шығыс мемлекеттерін зерттейтіндіктен, айта кететін жайт – менің әріптестерім үшін ең таңғаларлық ерекшеліктердің бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы Президент Әкімшілігінің құрылымына дербес құрылымдық бөлімше ретінде енуі. Сонымен қатар, Парламент Сенатының бес депутатын Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынуымен тағайындайды. Ассамблея – Қазақстанның ұлттық келісім моделінің тірегі, іргетасы және негізі. Нәтижесінде біз этностарды біртұтас қазақ халқы ретінде сәтті біріктіре алдық, ал бұл жетістікте этномедиация институтының рөлі айрықша болды, – деп атап өтті өз сөзінде Н.Б. Ем.
Басқа жаңалықтар


