Биоәртүрлілікті сақтаудағы білімнің рөлі: SDG-15 шеңберіндегі тәрбие сағатыFarabi University

Биоәртүрлілікті сақтаудағы білімнің рөлі: SDG-15 шеңберіндегі тәрбие сағаты

13 ақпан, 2025

Педагогикалық практика аясында Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ-15) сәйкес 2025 жылдың  13 ақпанында «Биоалуантүрлілікті сақтау және олардың жойылып кетуінің алдын алу» атты тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараны педагогика және менеджмент кафедрасының п.ғ.к., доценті Б.И. Иманбекова, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD., қауым.профессоры А.С. Нурмаханова жетекшілігімен «Геоботаника» мамандығының 1- курс докторанттары ұйымдастырды.

Тәрбие сағаты ҚазҰҚПУ базасында  өткізіліп, оған ҚазҰУ докторанттары, осы ұйымның қызметкерлері мен студенттері белсене қатысты. Тәрбие сағатында:

  • «Биоалуантүрліліктің адамзат үшін маңызы»
  • «Биоалуантүрліліктің жойылуына әсер ететін факторлар»
  • «Биоалуантүрлілікті сақтау»

«Тұрақты даму мүддесін қолдау» атты бүгінгі күннің аса өзекті мәселелері  екі университет білім алушылары  арасында  қызу талқыланып, ұтымды ұсыныстар жасалды. Іс-шара соңында   ҚазҰҚПУ -нің  білікті мамандары   б.ғ.к. А.М.  Калекешов және б.ғ.к., профессор м.а. Л.Е. Ануаровалар  биоалуантүрлілікті сақтаудың  қазіргі  инновациялық жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар  ұйымдастырушыларға табиғатымыздағы тепе-теңдікті сақтау және биоалуантүрліліктің жойылып кетуінің алдын алуға  қосқан үлесі мен  студенттердің белсенділігі үшін алғыстарын білдірді. Іс-шара  қатысушылардың  табиғатымызды қорғауға, биоалуантүрлілікті сақтауға үлес қосу әркімнің  азаматтық борышы дегенмаңызды  қорытынды жасаумен аяқталды.