ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

Қиыр Шығыс кафедрасы 2025 жылдың 18 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде өткен жұмыс берушілер кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Басқосу офлайн/онлайн форматта өтті.
Жұмыс берушілермен өткен кезекті кездесуге "ЛОТТЕ РАХАТ" АҚ-ның корпоративтік хатшысы Малгаждарова А.М., Қазақстан-жапон орталығының жапон тілі курсы бөлімінің жетекшісі Канбалаева Ч., Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени орталықтың басшысы Хоссейн Ағазаде, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Кайырбекқызы, Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкінің Персоналды басқару бөлімінің бастығы Манапова Д.А., "Saqr Bin Mohammed Al Qasimi" атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернет директоры Досмаилова М.Қ., "ДБ КЗИ Банк" АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Масенова Г.Б., RAMS құрылыс компаниясының бас директоры Serkan Uysal, "Leela Internationals (Лила Интернэшнлс)" ЖШС-ның өкілі Стадниченко А.Н. қатысты.
Шығыстану факультетінің деканы Н.Б.Ем құттықтау сөз сөйлеп, келген қонақтарды факультет жұмысымен таныстырды. Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі А.Б.Абаған студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу барысы жайлы әңгімелеп, презентация көрсетті. Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Е.А.Керимбаев пен Түркология және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі М.Ш.Эгамбердиев өндірістік практика базаларын жаңарту және түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі туралы сөз тарқатты. Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д.М.Кокеева кафедра студенттерінің санын көбейту және жұмыс берушілер арасынан демеушілерді тарту жайлы өз пікірімен бөлісті.
Мұндай кездесулер, негізінен, студенттердің кәсіби даму жолында жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату мақсатында өткізіледі, әрі олардың өндірістік тәжірибесін және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жақсартуға, сонымен қатар кафедралар мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады.
Іс-шара барысында жұмыс берушілермен бірнеше маңызды мәселелер, соның ішінде, студенттердің санын көбейту, практика базаларын жаңарту, түлектерді жұмыспен қамту, студенттерге арналған шәкіртақылар мен қолдауларды арттыру сынды мәселер талқыланды.
Кездесу соңында айтылған мәселелер бойынша шешімдер мен ұсыныстар қабылданып, жұмыс берушілер мен кафедралар арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін бірқатар нақты қадамдар жасалатын болды.