«Тұрақты даму үшін серіктестік» ТДМ аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Шығыстану факультетінде өткен жұмыс берушілермен кездесуге қатыстыFarabi University

«Тұрақты даму үшін серіктестік» ТДМ аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Шығыстану факультетінде өткен жұмыс берушілермен кездесуге қатысты

18 ақпан, 2025

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы 2025 жылдың 18 ақпанында тұрақты даму мақсаттары аясында  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде өткен жұмыс берушілер кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Кездесу офлайн/онлайн форматта өтті.

Жұмыс берушілермен өткен кезекті кездесуге Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының қоңағы ретінде қаласындағы Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдігінің басшысы Хоссейн Ағазаде, "Leela Internationals (Лила Интернэшнлс)" ЖШС-ның өкілі Стадниченко А.Н. қатысты.

Кездесу барысында Шығыстану факультетінің деканы Н.Б.Ем құттықтау сөз сөйлеп, келген қонақтарды факультет жұмысымен таныстырды. Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия  кафедрасының меңгерушісі Д.М. Кокеева студенттер санын арттыру барысы жайлы әңгімелеп, презентация көрсетті.

Кездесудің алғашқы сөзі Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдіктің басшысы Хоссейн Ағазадеге берілді. Ол өз сөзінде шығыстану саласында, әсіресе ирантану бағыты бойынша мамандар даярлаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Хоссейн Ағазаде мырза Ирантану саласына қызығушылық танытатын студенттерді барынша қолдауға дайын екенін жеткізіп, олардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді. Ол, ең алдымен, ирантану бағытында білім алушылардың санын көбейту үшін жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып, студенттердің Иран үкіметінің қаржыландыруымен тегін тілдік курстардан өту мүмкіндігін ұсынды. Сонымен қатар, білім беру гранттарын шығыс тілдері арасында әділ және теңдей бөлу қажеттігін атап өтті.

Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби қалыптасуына ықпал етіп, жұмыс берушілермен өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олардың өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастыру, болашақта жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту және кафедралар мен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті нығайту мақсатында өткізіледі.

Іс-шара барысында бірқатар өзекті мәселелер көтерілді, атап айтқанда, студенттер санын арттыру, тәжірибе алаңдарын жетілдіру, түлектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ шәкіртақы мен өзге де қолдау шараларын көбейту мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар ескеріліп, белгіленген мәселелерді шешу және серіктестікті одан әрі дамыту бағытында нақты қадамдар жасау туралы келісімге келінді.