«Густав Климт және Рене Магритт. Оянған картиналар» көрмесі Тұрақты даму мақсаттарының бірі – бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар бойыншаFarabi University

«Густав Климт және Рене Магритт. Оянған картиналар» көрмесі Тұрақты даму мақсаттарының бірі – бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар бойынша

17 ақпан, 2025

 

2025 жылғы 17 ақпанда  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) Әлия Өмірбекқызы және кафедра докторанты Оралқұл Әлидің ұйымдастыруымен «Густав Климт және Рене Магритт. Оянған картиналар» атты ерекше мультимедиялық көрмеге магистранттар қатысты. Бұл шара «7M03105 – Мәдени антропология» мамандығының 1-курс магистранттары үшін білім беру үрдісінің маңызды бөлігі болып, олардың өнертану саласындағы танымдарын кеңейтті. 

Көрмені ұйымдастыруда философия ғылымдарының кандидаты Омирбекова А.О., педагогикалық практика жетекшісі философия ғылымдарының кандидаты Аликбаева М.Б. және бірінші курс докторанты Оралқұл Ә.С. жетекшілік етті. Бұл шара магистранттардың «Мифтерді, ритуалдар мен рәміздерді антропологиялық зерттеу» пәні аясында өнердегі символиканы, ритуалдар мен мәдени кодтарды тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді. 

Көрме аясында:

  • 150-ден астам Климт пен Магритт туындыларының проекциялық көрсетілімі өтті;
  • Әсерлі музыкалық сүйемелдеу көрермендерді өнер әлеміне терең бойлатып, әрбір шығарманың бірегей стилін сезінуге мүмкіндік берді;
  • Интерактивті мультимедиялық формат көрермендерге картиналардың ішінде жүргендей әсер қалдырды;
  • Климт пен Магриттің өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты деректер, сондай-ақ олардың ең танымал туындыларының жасалу тарихы баяндалды.

Бұл көрме арқылы магистранттар тек өнер туындыларын ғана емес, олардың артындағы мәдени, философиялық және антропологиялық мәндерді де түсінді. «Lumiere-Hall» кеңістігінде өткен бұл ерекше шара өнер мен білімнің тоғысында жаңа көкжиектерге жол ашты.