- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих және биология факультетінің студенттері Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйіне экскурсия жасап, ұлттың ұлы тұлғасы туралы тереңірек танысты. Бұл іс-шара БҰҰ -Тұрақты даму бағдарламасының төртінші бағытына сай Сапалы білім беру бағытына сай ұйымдастырылды. Ахмет Байтұрсынұлы — қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, ақын, тілші және ғалым, сондай-ақ қазақ тілін латиницаға негізделген жазу жүйесіне енгізу бойынша үлкен жұмыс атқарған адам.
Музей-үйде студенттер Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұмат алып, оның қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесін талқылады. Экскурсия барысында ұлы ағартушының қолжазбалары, кітаптары, хаттары мен фотосуреттері көрсетілді, сонымен қатар, оның өмір жолы мен қазақ тілін зерттеу саласындағы ғылыми жұмыстарын түсінуге мүмкіндік беретін жәдігерлер таныстырылды.
Бұл іс-шара студенттер үшін тек білім алу ғана емес, сонымен қатар тарихи тұлғалармен танысып, олардың ел тарихындағы орнын бағалауға зор мүмкіндік болды. Студенттер Ахмет Байтұрсынұлының ұрпақтарға қалдырған мұрасын терең түсініп, оның қоғамдағы рөлі туралы ой өрбітті.
Экскурсияның мақсаты — студенттерге қазақтың ұлы тұлғаларын таныту, олардың ұлттық мәдениетке, тарих пен білім саласына қосқан үлесін құрметтеу болып табылады.
Іс шараны Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары: Бижанова М.Т., Бекбауова Ж.М ұйымдастырды.
Басқа жаңалықтар


