- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы студенттерінің «Samruk-Green Energy» ЖШС кәсіпорнына таныстыру экскурсиясы
ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы студенттерінің «Samruk-Green Energy» ЖШС кәсіпорнына таныстыру экскурсиясы

2025 жылғы 19 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының студенттері Қонаев қаласында орналасқан 2 МВт қуатты күн электр станциясына («Samruk-Green Energy» ЖШС) таныстыру экскурсиясына қатысты.
Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында ұйымдастырылып, экологиялық таза технологияларды қолдауға және болашақ заңгерлердің тұрақты дамудың құқықтық аспектілері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Экскурсия барысында студенттер жаңартылатын энергия көздері негізінде электр энергиясын өндірудің технологиялық үдерістерімен танысып қана қоймай, осы саланың құқықтық реттеу ерекшеліктерін де зерттеді.
Сапар барысында «Samruk-Green Energy» компаниясының мамандары күн электр станциясының жұмысы мен заманауи электр энергиясын өндіру әдістері туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Студенттерге Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін дамыту перспективалары, мемлекеттік қолдау механизмдері және өзекті заңнамалық бастамалар жөнінде сұрақтар қоюға бірегей мүмкіндік туды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы «Samruk-Green Energy» ЖШС басшылығы мен мамандарына жылы қабылдауы, мазмұнды экскурсиясы және студенттерге энергетика саласында білімдерін кеңейту мүмкіндігін бергені үшін шынайы алғысын білдіреді. Мұндай іс-шаралар экологиялық және құқықтық аспектілерді терең түсінетін жаңа буын мамандарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар


