Ғабит Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына саяхатFarabi University

Ғабит Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына саяхат

20 ақпан, 2025

2025 жылдың 20-ақпан күні ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 17-мақсаты – «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыты аясында  Ғабит Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына, “Мұғалім” спектакльіне бардық.

Іс-шара Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы Каупенбаева С.М., аға оқытушылар Мұқан Нұрзат , Тунгатова У.А мен Мұханбет А.А.-ның ұйымдастыруымен өтті.

Бұл шараға ҚазҰУ студенттерімен қатар, ҰҚК академиясының курсанттары, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері, Алматы қаласындағы №36 мектеп-гимназия оқушылары, сондай-ақ факультетіміздің магистранттары мен докторанттары қатысты.

Іс-шараның маңызы

Театр – көрерменнің эстетикалық талғамын қалыптастыратын, рухани дамуына ықпал ететін маңызды мәдени орта. Бұл іс-шара жастардың театр өнеріне қызығушылығын арттырумен қатар, әртүрлі білім беру мекемелері арасындағы серіктестікті нығайтуға, мәдени-ағартушылық бағыттағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қосты.

Университеттер мен мектеп оқушыларының бірлесіп қатысуы – білім беру мекемелері арасындағы байланысты күшейтудің және жастардың мәдени дамуын қолдаудың айқын көрінісі. Қатысушылар қойылымнан ерекше әсер алып, рухани азық жинады.

ҚазҰУ болашақта да студенттердің мәдени-ағартушылық дамуына ықпал ететін осындай іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастырады.