«Медеу» спорт кешенінің биік тау мұз айдынына бару

2025 жылдың 20 ақпанында Баку мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «7М04212 – Теңіз және энергетика құқығы» қосдипломдық білім беру магистратура бағдарламасы аясында білім алып жатқан магистранттар Алматы қаласындағы әйгілі «Медеу» биік тау мұз айдынында болды. Іс-шара №3 Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында ұйымдастырылды және келушілерді мұз айдынының тарихымен, оның қысқы спорт түрлерін дамытуға және аймақ экологиясына әсерімен таныстыруға бағытталған.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Қуаналиева Г.А., «7М04212 – Теңіз және энергетика құқығы» магистратура бойынша қос дипломдық білім беру бағдарламасы үйлестірушісі профессор Айгаринова Г.Т., сонымен қатар эдвайзер Рашева Г.К. Қатысушылар қатарында Баку мемлекеттік университетінің магистранттары: Амирли А., Ибрахимзаде Л., Мамедова С., Мирзаева С., Таярли С., Хусейнова А., Хусейнов А., сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары: Жүніс А., Әбилова Д., Нағманов Н. болды.
Экскурсия барысында магистранттар әлемдік маңызы бар бірегей спорт нысаны болып табылатын Медеу мұз айдынының салыну тарихымен танысты. Кешен қызметкерлері спортшылардың жетістіктері, олар салған әлемдік рекордтар туралы айтып, мұз айдынының Қазақстанда қысқы спорт түрлерін танымал етудегі маңыздылығын айтты.
Мұз айдыны жұмысының экологиялық аспектілеріне, атап айтқанда жасанды мұз қалыптастыру жүйесіне, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау шараларына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ аспиранттар заманауи инфрақұрылым мен таулы аймақтың қайталанбас табиғатын үйлестіретін осынау көрікті спорт нысанының атмосферасын тамашалауға мүмкіндік алды.
Медеу мұз айдынына бару қатысушыларға аталмыш спорт кешенінің тарихы мен маңызын білуге ғана емес, сондай-ақ мұндай нысандарды сақтаудағы тұрақты даму мен экологияның маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Қатысушылар ұйымдастырушыларға Алматының ең көрікті жерлерінің біріне бару мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.
Басқа жаңалықтар


