Жағдаятты басқару орталығындағы кездесу
.png)
2025 жылдың 20 ақпанында «7М04212 – Теңіз және энергетика құқығы» магистратурасының қос дипломдық білім беру бағдарламасы аясында білім алып жатқан Баку мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары ҚазҰУ-дың Жағдайды басқару орталығына барды. Кездесу №16 «Бейбітшілік, әділдік және күшті институттар» Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) аясында ұйымдастырылды және заманауи цифрлық мониторинг технологияларын, құқықтық тәртіпті және төтенше жағдайларды басқаруды қамтамасыз ету тетіктерін зерделеуге бағытталған.
Бұл іс-шара Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Қуаналиева, «7М04212 – Теңіз және энергетика құқығы» магистратурасының қосдипломды білім беру бағдарламасының үйлестірушісі профессор Г.Т.Айгаринова, сонымен қатар эдвайзер Рашева Г.К. қйымдастырды. Қатысушылар қатарында Баку мемлекеттік университетінің магистранттары: Амирли А., Ибрахимзаде Л., Мамедова С., Мирзаева С., Таярли С., Хусейнова А., Хусейнов А., сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары: Қарқын М., Әбілова Д., Нағманов Н., Бектұрсын Ж. болды.
Экскурсия барысында Орталық қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету және түрлі оқиғаларға жедел ден қою үшін қолданылатын цифрлық мониторингтің негізгі аспектілері туралы айтты. Магистратура студенттері деректерді жинау мен талдаудың заманауи жүйелерімен, қылмыстың алдын алу алгоритмдерімен, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру әдістерімен танысты. Сондай-ақ азаматтарды қорғауға және заңдылық пен тәртіпті сақтауға бағытталған автоматтандырылған бақылау жүйелері, жасанды интеллект және басқа да технологиялардың жұмысы көрсетілді.
Ситуациялық басқару орталығына бару магистранттарға заманауи цифрлық басқару тетіктері және осы саладағы құқықтық реттеудің маңыздылығы туралы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді. Қатысушылар цифрландырудың жоғары деңгейін және қазіргі жағдайда құқықтық жүйені дамыту үшін ұсынылған шешімдердің өзектілігін атап өтті.
Басқа жаңалықтар


