- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жастар арасында гендерлік теңдік: құқықтық аспектілер және ғылыми зерттеулердің маңыздылығы
Жастар арасында гендерлік теңдік: құқықтық аспектілер және ғылыми зерттеулердің маңыздылығы

2025 жылғы 20 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті Ж.М. Аманжолов және студенттік заң клиникасының директоры Д.Ә. Бакировтың қатысуымен Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Р. Бижанова мен Д.Ж. Белхожаеваның ұйымдастыруымен «Гендерлік теңдік» тақырыбында «Құқықтану» БББ 203 топ студенттерімен ғылым жолындағы жастарды шоғырландыру мақсатында шара өткізілді.
Бұл іс-шара БҰҰ-ның ТДМ-5 «Жыныстық теңдікке қол жеткізу және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтарын қамтамасыз ету» бағытында өткізілді. Шара барысында гендерлік теңдік мәселелері, оның құқықтық аспектілері және қоғамдағы маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар гендерлік теңдікке қол жеткізудегі құқықтық механизмдер мен халықаралық тәжірибелерді қарастырып, жастарды ғылымға тарту және гендерлік теңдікті нығайту жолындағы ғылыми зерттеулерге назар аударды.
Бұл шара ТДМ-5 мақсаттарына сәйкес, жастардың құқықтық білімдерін тереңдетіп, гендерлік теңдік мәселелеріне ғылыми тұрғыдан қарай отырып, жастарды осы салада зерттеулер жүргізуге ынталандыруды көздейді.
Басқа жаңалықтар
