ҚазҰУ француз тарихшысын қарсы алдыFarabi University

ҚазҰУ француз тарихшысын қарсы алды

24 ақпан, 2025

2025 жылдың 24 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті танымал француз тарихшысы, Пантеон-Сорбонна университетінің (Париж) доценті, ғылыми зерттеулер жетекшісі Франсуа-Ксавье Нерармен кездесу алаңына айналды. Кездесу тарих факультетінің 405 аудиториясында өтті.

Профессор Нерар КСРО тарихы, атап айтқанда, 1928-1941 жылдар аралығындағы зерттеулерімен танымал. Оның жұмыстары бүкіл әлем тарихшыларының қызығушылығын тудырады.

Кездесуге тарих факультетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары және студенттері қатысты. Кездесу жанды диалог форматында өтті, онда әр тарапты қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік болды. Кездесудің ұйымдастырушысы Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы болды.

Бұл іс-шара қазақстандық және француз тарихшылары арасындағы білім мен тәжірибе алмасу үшін бірегей мүмкіндік бере отырып, ҚазҰУ тарих факультеті үшін маңызды оқиға болды.