"Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар"Farabi University

"Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар"

20 ақпан, 2025

 

Ұлы Отан соғысының 80-жылдығы мен Б.Момышұлының 115-жылдығы мерейтойларына орай (ТДМ-16) Исламтану магистранттары ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайдың Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында бөлімінің жәдігерлерін тамашалады. Мұражайда батырлардың есімдері, соғыста қолданылған қару-жарақтар, соғысқа қатысқан батырларымыздың заттары, құжаттары сақталған. Сонымен қатар, магистранттар Б.Момышұылының жеке заттарын көрді, оның өмірі мен еңбектеріне қатысты куиз сұрақтарына жауап беріп, кітаптарға ие болды. Бауыржан Момышұлы батыр, стратег, жазушы, этнограф және адамгершілігі мол азамат ретінде танымал болды. Оның шығармалары соғыста басынан кешкен оқиғалары мен соғыс психологиясынан бөлек, өзінің өмірбаянын, балалық шағын, ХХ ғасыр басындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрыптарын шынайы да қарапайым суреттеуімен ерешеленеді әрі бұл ерекшелік оқырмандарды өзіне баурап алады. Магистранттар Б.Момышұлы тұлғасын түрлі жағынан танып, білімдерін бекітті. Бұған дейін жалпы соғыстың жойқын әсерін паш еткен "Оптимистік трагедия" психологиялық, көркем қойылымына барып, соғыстың руханиятты құлдырататын қырына куә болған едік.

Қорыта айтқанда, зұлмат жылдар өзегі мықты азаматтарды дүниеге алып келгенімен қатар, адамзаттың көкірегінде бос қуыс қалдырады, оның орны қанша уақыттар болса да толмайды. Осы сынды соғыс құрбандарының есімдерін ұмытпау, ерліктерін еске алу адамдарды бірлікке, бірігуге жетелейді, барша тірі жанға мейіріммен қарауға насихат етеді.

Шарадан кейін мұражайға жақында қойылған Н.Г. Хлудов суреттерінің көрмесін араладық. Оның суреттері ХХ ғасыр басындағы Жетісу қазақтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігін, Алатау, Ыстықкөл мен айналасындағы табиғаттың сұлулығын бейнелейді, адамның жан дүниесіне тыныштық сыйлайды.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасы PhD, қауымд.проф. Жамашев А.Ш., ф.ғ.к. Аликбаева М.Б., "Исламтану" докторанты Елеусызбаева Н.М.