ҚазҰУ жас ғалымдарының 32 жобасы гранттық қаржыландыруға ие болдыFarabi University

ҚазҰУ жас ғалымдарының 32 жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды

25 ақпан, 2025

    2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындысы белгілі болды. 

    Бұл конкурс жыл сайын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, ғылымға дарынды жастарды тарту және жас зерттеушілердің үлесін арттыру үшін өтеді.

     Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ барлығы 38 конкурстық өтінім ұсынған.

     Ұлттық ғылыми кеңестің нәтижесінде ҚазҰУ жас ғалымдарының жалпы сомасы 935 059 876,08 теңгені құрайтын 32 жобасы 2025-27 жылдарға арналған қаржыландыруға мақұлданды.

     Өткен жылдары гранттық конкурста университеттен 25 жоба қабылданған болатын.

     Гранттар экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану; энергия, озық материалдар және көлік; озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар саласын қамтыды.

     Сонымен қатар елдің зияткерлік әлеуеті; өмір және денсаулық туралы ғылым; агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы; ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік сияқты бағыттар бойынша бөлінді.

   
 Құрметпен, ұйымдастыру комитеті 

Ғылым және инновациялық қызмет департаменті