
2025 жылдың 25 ақпанында педагогикалық практика аясында Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ-4) сәйкес ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу. Балалардың мүдделерін, мүгедектердің ерекше қажеттіліктерін және гендерлік аспектілерді ескеретін білім ордаларын құру және жетілдіру және барлығына бірдей қауіпсіз, зорлықтан және әлеуметтік тосқауылдардан еркін және тиімді білім алу ортасын қамтамасыз ету мақсатында «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеші қызметкерлері арасында «Үздік тәрбиеші ― 2025» байқау өтті. Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.С.Әлқожаева мен PhD А.Д.Шакирова жетекшілігімен «Әлеуметтік педагогика» мамандықтарының 1-курс докторанттары Б.А.Есенбаева, А.Е.Әжмәмбет ұйымдастыруымен өтті.
Байқау Алматы қаласындағы Облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығында өтті. Оған ҚазҰУ докторанттары мен осы ұйымның тәрбиешілері белсене қатысты. Тәрбиелік іс-шараның мақсаты ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеуге бағытталды.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырды, инновациялық педагогикалық шеберліктерін көрсетті, балалармен өткізген қызықты сәттері бойынша бейнероликтерін, актерлік және шығармашылық шеберлігін көрсетті. Докторант Б.А.Есенбаева қолдау орталығының тәрбиеленушісі (мүмкіндігі шектеулі, зағип) Шацская Валериямен бірге «Ана туралы жыр» орындады.
Байқау соңында орталық директоры жүлделі болған тәрбиешілерді марапаттап, қатысушыларға сыйлықтар табыстады. Сонымен бірге, осындай салтанатты байқауды ұйымдастырған докторанттарға шығармашылық көзқарастары үшін ризашылығын білдіріп, ҚазҰУ-дың педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының өкілдерін серіктестік қызметтері үшін арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Басқа жаңалықтар

