25 ақпан күні «6В11103 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналған «Қонақ үй және мейрамхана кешендерінің технологиялық қызметтері» пәні бойынша Novotel қонақ үйінде аудиториядан тыс сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – студенттердің қонақ үй қызмет көрсету үдерісімен танысуы, теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуі болды.
Сабақ барысында студенттер қонақ үй инфрақұрылымын, қызмет көрсету стандарттарын, бөлмелерді дайындау және тазалау жүйесін, мейрамхана бөлімінің жұмысын, конференц-залдар мен демалыс аймақтарын зерттеді. Қонақ үй қызметкерлері клиенттермен жұмыс істеу әдістерін, сапа стандарттарын түсіндіріп, қонақжайлылық индустриясындағы инновациялармен бөлісті.
Нәтижесінде студенттер қонақ үй қызмет көрсету технологияларын, қызметкерлердің жұмыс процесін, халықаралық стандарттарды тәжірибеде көріп, кәсіптік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Novotel басшылығы карьералық мүмкіндіктер туралы ақпарат берді. Бұл тәжірибелік сабақ студенттерге қонақ үй индустриясын тереңірек түсінуге, кәсіби дағдыларын жетілдіруге көмектесті.
Осылайша, өткізілген сабақ БҰҰ-ның №4 «Сапалы білім» тұрақты даму мақсатына сәйкес келеді, өйткені студенттер алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне ие болып, саладағы заманауи технологиялармен және жұмыс үрдістерімен тікелей танысты. Интерактивті оқыту әдісі арқылы олардың кәсіби құзыреттілігі артып, болашақ еңбек нарығына бейімделуіне жағдай жасалды.
Басқа жаңалықтар

