Дағдарыс жағдайындағы балаларды әлеуметтік қорғау және қолдауFarabi University

Дағдарыс жағдайындағы балаларды әлеуметтік қорғау және қолдау

24 ақпан, 2025

2025 жылдың 24 ақпанында тұрақты даму мақсаттарына сәйкес (ТДМ 1, ТДМ 3, ТДМ 4, ТДМ 10, ТДМ 16) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының докторанттары мен студенттері Алматы қаласындағы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды. Ол кемсітушілік пен қудалауға қарсы саясатқа сәйкес барлық қатысушылар үшін инклюзивті және қауіпсіз ортаны құруға бағытта ұйымдастырылды. 

Шара доцент м.а. Шабденова А.Б. және аға оқытушы Масимбаева А. басшылығымен «Әлеуметтану» және «Әлеуметтік жұмыс»  білім беру бағдарламасының докторанттары Сағидулла Гүлжанат, НусупбаеваСалтанат, Аубакирова Аягоз бастауымен ұйымдастырылды. 

Оған «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері және «Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Орталықтың қызметімен танысты, оның өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету тәсілдерін зерттеді, сондай-ақ оның жұмысына белсенді қатысты. Студенттер Орталықтың тәрбиеленушілері үшін коммуникативті дағдыларды дамытуға және балаларға эмоционалды қолдау көрсетуге бағытталған интерактивті ойындар өткізді. Жылы және достық атмосфера балалардың ашылуына және назар мен қамқорлықты сезінуіне мүмкіндік берді.

Бұл іс-шара болашақ мамандардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ ерекше қолдау мен қамқорлықты қажет ететін балалармен жұмыс істеудің маңыздылығын түсінуге ықпал етті.