Заң факультетінде Халықаралық ана тілі күні

Заң факультетінің з.ғ.к., доценті М.К.Бисенова және 301- топ студенттерімен 21 ақпан күні «Халықаралық ана тілі күніне» арналған тақырыптық іс-шара өткізді. Бұл күн лингвистикалық әртүрліліктің маңыздылығын және тілдің құқықтық саладағы рөлін еске салады.
Кездесу барысында қатысушылар тілдің заң шығару және құқық қорғау қызметіне қалай әсер ететінін талқылап, әртүрлі тілдердегі заң терминдерінің қызықты мысалдары мен олардың аударма ерекшеліктерін талдады. Әсіресе, ана тілінің сот жүйесіндегі рөлі мен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ интерактивті викторина өткізілді, онда студенттер әртүрлі елдердің заңнамасындағы тіл нормалары туралы білімдерін сынады.
Қатысқандарыңыз бен белсенді талқылауларыңызға рахмет! Ана тілі қарым-қатынас құралы ғана емес, құқықтық мәдениет құралы болып қала берсін!
#АнаТілКүні #ЗаңФакултеті #ЗаңжәнеТіл
Басқа жаңалықтар

