Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына танымдық экскурсия
.jpeg)
2025 жылғы 27 ақпанда Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Исламтану» мамандығының 2-курс студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына танымдық экскурсия жасады.
Экскурсияның басты мақсаты – студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, сирек кітаптар қорымен және діни әдебиеттермен танысу.
Кітапхана қызметкері Құттықыз Қасымбекова қатысушыларға кітапхана тарихы мен қызметі туралы жан-жақты мағлұмат беріп, көне қолжазбалардан бастап, қазіргі заманғы әдебиеттерге дейін таныстырды. Студенттер үшін бұл кездесу танымдық тұрғыдан аса пайдалы болды.
Құттықыз апайдың: «Жақсы ойлай біл – ойың сенің болашақ тағдырың» деген сөзі студенттерге ерекше әсер қалдырды. Ол жастарды кітапханаға жиі келіп, білімдерін тереңдетуге шақырды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті М.Р. Балтымова, PhD, аға оқытушы Д.С. Утебаева, 1-курс магистранты Жұбанов Бекдәулет
Басқа жаңалықтар

