Инженерлік экология және тұрақтылық: сапалы білім берудің рөліFarabi University

Инженерлік экология және тұрақтылық: сапалы білім берудің рөлі

28 ақпан, 2025

2025 жылғы 26 ақпанда Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» аясында «Инженерлік экология негіздері» тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәрісті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «8D05205 Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» мамандығы бойынша 1-курс докторанты Бижанова Г.З. тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті М. Абдибаттаеваның жетекшілігімен өткізді.

 Дәріс тыңдаушылардың инженерлік экология және тұрақты даму қағидалары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – қатысушыларды инженерлік экологияның негізгі қағидаларымен, техникалық жүйелердің қоршаған ортаға әсерімен және адам қызметінің жағымсыз әсерін азайту әдістерімен таныстыру.

«Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған ашық дәріс: мейрамханалар мен қонақүйлердің жұмысының экологиялық аспектілері – қонақжайлылық индустриясының қоршаған ортаға әсері туралы және табиғатты қорғаудың заманауи технологиялары мен әдістерін білу – су мен ауаны тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу, ресурстарды ұтымды пайдалану принциптері туралы түсінік берді. табысты экологиялық шешімдердің практикалық мысалдарын келтірді. Экологиялық жауапкершілікті бизнестің бәсекелестік артықшылықтары – экологиялық технологияларды енгізу мекеменің беделін қалай көтереді және саналы тұтынушыларды тартады. Қызметкерлер мен клиенттердің экологиялық мәдениетін дамыту – қызметкерлер мен қонақтар арасында табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Осылайша, дәріс студенттерге экологияны заманауи қонақжайлылық индустриясының маңызды бөлігі ретінде қарастыруға және олардың кәсіби қызметінде тұрақты даму принциптерін қалай қолдануға болатынын түсінуге көмектесті.