«Кітаппен бірге- әлемді (өзіңді) тану»Farabi University

«Кітаппен бірге- әлемді (өзіңді) тану»

28 ақпан, 2025

2025 жылдың 28 ақпан күні факультетімізде 01 наурыз - 01 сәуір аралығында ТДМ – 4 «Сапалы білім» мақсатын дамыту мен университетіміздің 90 жылдығы және заң факультетінің 70 жылдығы аясында 1 курс студенттері арасында     «Кітаппен бірге- әлемді (өзіңді) тану» рухани- танымдық марафон шеңберінде өтетін «30 күнде -10 кітап» конкурсының ресми ашылуы болды
Қатысушылар – 1 курс студенттері (қазақ және орыс бөлімдері)

Ұйымдастырушылар: ф.ғ.к.,доцент Сансызбаева С.К. және азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушы Урисбаева А.А.
Мақсаты: жас оқырмандары арасында танымал кітаптарға шолу жасап, жастарды кітап оқуға баулу, сондай-ақ болашақта дамуы үшін әртүрлі жанрда қажетті кітаптарды оқуға ұсыну. 
Міндеті: 
-жастарды өздері оқыған кітаптар жолдарымен әдеби- рухани саяхат жасату;
- өздерін тұлға ретінде қалыптасуын елестетіп, «өмір қазынасына» есік ашу үшін талдау жасату;
- логикалық ойлау қабілетін дамытып, өз пікірін сауатты жеткізу дағдыларын қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже:
- Өздеріне өмірлік азық болатын кітаптарды оқуды әдетке айналдыру.
Марафонның өту барысы:
01.03.-01.04.2025ж. аралығы- 1 ай;
28.02.2025ж -  ресми ашылу салтанаты

30 күнде-10 кітап: 4 шығармашылық жанр бойынша ұсынылған кітаптарды оқу:
•    Әдеби -классикалық жанр (романдар, повестьтер,әңгімелер)
•    Нон-фикшн (ғылыми-тарихи, психологиялық,танымдық, іскерлік, лидерлік)
•    Мотивациялық (өзін-өзі дамыту, маркетинг, жетістік тарихы)
•    Практикалық (бизнес, сөз шеберлігі,өнер, жетістік)!