«Ерлік мұрасы: Б.Момышұлының батырлық сабақтары» атты іс-шара

2025 жылғы 26 ақпанда Дінтану және мәдениеттану кафедрасының бастамасымен, «Исламтану» докторанттары Ерімбет Р.Е., Айдос Ә.М., Бекмуханбетов Н.Р. ұйымдастыруымен «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тұрақты даму мақсатына сай Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Ерлік мұрасы: Б.Момышұлының батырлық сабақтары» атты іс-шара өтті.
Бұл мерейтойлық жиынға зиялы қауым өкілдері, оқытушылар, студенттер мен магистранттар қатысты. Іс-шара батырдың өмір жолы мен оның рухани мұрасына арналған мазмұнды деректермен өрбіді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – батырдың ерліктерін ұлықтау, ұрпаққа үлгі ету және оның қаһармандық жолын жастар арасында кеңінен насихаттау болды. Жиынға арнайы шақырылған қонақтар, филология ғылымдарының докторы, профессор Жеменей Ислам Ақмұратұлы және кинорежиссер Омаров Молдағали арнайы қатысып, Бауыржан Момышұлының ерлігі мен патриоттық ұстанымы туралы БАҚ-та жарық көрмеген құнды тарихи ақпараттармен бөлісті.
Іс шара қонақтары, батырдың өмірі мен Ұлы Отан соғысындағы ерліктері туралы кеңінен баяндап, әдеби мұрасына тоқталып, оның жазушылық қырын және елге деген сүйіспеншілігін, қайсар мінезі мен рухани құндылықтарын ерекше атап өтті. Бұл айтылған мәліметтер мен ақпараттар әрқайсымыздың жүрегімізде ұлт батырларына деген ерекше мақтаныш сезімін оятты, іс шарадан қатысушылар рухты оятатын ақпараттар алды.
Сонымен қатар, қатысушыларға Бауыржан Момышұлының өмірінен сыр шертетін бейнебаян көрсетілді. Жиын соңында студенттер мен магистранттар спикерлерге сұрақтарын қойып, батырдың өмірі мен қызметі туралы құнды мәліметтер алды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға терең әсер қалдырды. Бауыржан Момышұлының ерліктері мен рухани мұрасы бүгінгі ұрпаққа өнеге болып, патриоттық сезімдерін оятты.
Бұл іс-шараның ұйымдастырылуы батырдың 115 жылдық мерейтойын атап өтудің ерекше көрінісі болып, Б. Момышұлының рухани бай мұрасын дәріптеуге үлкен үлес қосты.
Шараны ұйымдастырған: PhD Каупенбаева С.М., филос.ғ.к. Аликбаева М.Б., филос.ғ.д., проф. Борбасова Қ.М., қауымд. проф. Балтымова М.Р., PhD Аманқұл Т.О., филос.ғ.д., проф. Бегалинова К.К., филол.ғ.к. Мухитдинов Р.С., «8D02204-Исламтану» 1-курс докторанттары: Ерімбет Р.Е., Айдос Ә.М., Бекмуханбетов Н.Р.
Басқа жаңалықтар

