Ғылыми әдебиеттерде хадистердің жіктелуінің ерекшеліктеріFarabi University

Ғылыми әдебиеттерде хадистердің жіктелуінің ерекшеліктері

26 ақпан, 2025

26 ақпан «7М02205-Исламтану» магистранттарына «Ғылыми әдебиеттерде хадистердің жіктелуінің ерекшеліктері» тақырыбындағы ашық дәріс пен «Хадистердің жіктелуі: мазмұндық талдау» ашық семинары өткізілді. Практикант Елеусызбаева Н. дәріс сағатында хадистердің классификациясы тақырыбын жалғастырып, хадис ғылымдарына қатысты жарық көріп жатқан әдебиеттермен таныстырды. Тыңдармандарды сергіту үшін кроссвордқа жасырылған терминдерді табуды ұсынды. Кафедра меңгерушісінің м.а. Каупенбаева С.М., филол.ғ.к., қауымд.проф. Балтымова М.Р. докторанттың жүргізген дәрісін бағалап, пікірлерін білдірді.

Семинар барысында магистранттар топталып хадис методологиясы бойынша оқулықтардың мазмұндық, әдіснамалық шолуын презентация арқылы қорғады, студенттерге маңызын тұжырымдады. Теориялық мәліметтерді талдаумен қатар, үш топқа бөлінген магистранттарға кейс сұрақтар қойылды. Олар аталған жағдаяттарға жедел жауап тауып, белсенді қатыса отырып пікір таластырды. Соңында магистранттар бүгінгі дәріс пен семинардан алған ықыласы мен ойларын ашық білдірді, олардың өз мамандықтарына қатысты білімдерін шыңдай түсуге ынта-талабы анық көрінеді. Қорыта айтқанда, оқу барысында интерактивті әдістерді қолдану, студенттердің қызу ойталқы жүргізуі мен шығармашылығына еркіндік беру және заманауи мәселелермен байланысты қарастыру бүгінгі білім беру жүйесінде, соның ішінде ислам ғылымдары бойынша білім беруде де аса маңызды орын алады дей аламыз.

Ұйымдастырушылар: филос.ғ.д., проф. Борбасова Қ.М., PhD Каупенбаева С.М., филол.ғ.к., қауымд.проф. Балтымова М.Р., PhD, филос.ғ.к. Аликбаева М.Б., п.ғ.к., доцент Иманбекова Б.И., PhD, қауымд.проф. Жамашев А.Ш., аға оқытушы Мажен Е.К., «8D02204-Исламтану» 1-курс докторанты Елеусызбаева Н.М.