Тұрақты даму мүддесі үшін флора мен фаунаның биоалуантүрлілігін сақтауFarabi University

Тұрақты даму мүддесі үшін флора мен фаунаның биоалуантүрлілігін сақтау

26 ақпан, 2025

 

Іс-шара биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, PhD, ассоц. профессор А.С. Нурмаханова және педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының п. ғ. к., аға оқытушысы А. Б. Альчимбаева, сондай – ақ «8D05108 – Геоботаника» мамандығының 1 курс докторанттары (Абдилданов Д., Кенжебаева Ж., Уразалина А., Үсен С.) жетекшілігімен ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты Ботаника және фитоинтродукция институтының базасында өтті, оған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанттары, ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері және университет студенттері белсенді қатысты.

Іс-шара барысында келесі тақырыптар белсенді талқыланды:

 

"Тұрақты даму мүддесі үшін флора мен фаунаның биоалуантүрлілігін сақтау"

"Қызыл кітап индексі"

"Қазақстанның сирек кездесетін өсімдік түрлері"

Қатысушылар тұрақты дамуды қолдауға байланысты маңызды мәселелерді белсенді талқылады және осы мәселені шешу бойынша ұсынымдар әзірленді.Іс – шара соңында ботаника және фитоинтродукция институтының мамандары – PhD өсімдік әлемі кадастры зертханасының меңгерушісі PhD Осмонали Б.Б. және өсімдік әлемі кадастры зертханасының кіші ғылыми қызметкері Кенесбай А.Х. – биоалуантүрлілікті сақтаудың заманауи инновациялық әдістері туралы айтып берді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар студенттерге табиғи тепе-теңдікті қорғауға және биоалуантүрліліктің жоғалуын болдырмауға белсенді қатысқаны үшін ризашылықтарын білдірді. Кездесуді аяқтай отырып, табиғатқа қамқорлық жасау және биоалуантүрлілікті сақтау әр адамның азаматтық парызы екендігі атап өтілді.