- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қоғамдық денсаулық» мамандығының студенттері Ғабит Мүсрепов атындағы жастар театрына барды
«Қоғамдық денсаулық» мамандығының студенттері Ғабит Мүсрепов атындағы жастар театрына барды

«Тұрақты қала мен елді мекен» Тұрақты даму мақсаттарына орай, қаламыздағы мәдени орындармен толықтай таныстыру мақсатында 2025 жылдың 18-ақпанында «қоғамдық денсаулық» мамандығының студенттері аға куратор-эдвайзер Г.А. Арыновамен бірге Ғабит Мүсрепов атындағы жастар театрына барып, «Келіндер көтерілісі» атты спектакль көрді. Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» пьесасы негіз болған оқиға ене мен келін арасындағы ғана емес, адамның бостандығы, таңдау еркі мен ескі тәртіптің арасындағы конфликтіге негізделген. Қойылым барысында өнер сүйгіш өзбек халқының дәстүрлі биін қолдана отырып, әдемі әзілмен әспеттелген, дәстүрлі театр элементтерін пайдаланған спектакль – көрерменді күлдіре отырып, ойға батыратыны сөзсіз.
Өмірдің шындығымен ұштасқан қойылым студенттерге жоғары әсер етіп, бар зейіндерімен толғанып көрді. Студенттердің тұрақты түрде театрға баруы жеке тұлға мәдениетінің қалыптасуына үлкен көмегін тигізетіні белгілі. Театр – жастар үшін үлгі өнеге.
Басқа жаңалықтар

