«Маркетинг» мамандығының студенттері арасында өткен «USkills-up Marketing Battle» IV халықаралық маркетингтік турниріFarabi University

«Маркетинг» мамандығының студенттері арасында өткен «USkills-up Marketing Battle» IV халықаралық маркетингтік турнирі

4 наурыз, 2025

28 ақпан 2025 жылы Туран университетінде «Маркетинг» мамандығының студенттері арасында «USkills-up Marketing Battle» IV халықаралық маркетингтіктурнирі өтті.

Турнирдің мақсаты – студенттерге маркетингтік пәндерді оқытуда және олардың әлеуетін анықтауда университеттер мен колледждердің дамуына қолдау көрсету. «USkills-up Marketing Battle» турнирі сырттай және онлайн интерактивті форматтарда өткізілді. Байқауға маркетинг мамандары, кәсіпкерлер, Қазақстан маркетинг және бизнес қауымдастығының өкілдері әділқазылық көрсетеді.«USkills-up Marketing Battle» турнирі екі турдан тұрады: 1) презентацияны бағалауға негізделген алдын ала сырттай іріктеу кезеңі, 2) «Stand Up Battle» онлайн форматындағы бетпе-бет раунд. Турнирге «Экономика және бизнес» жоғары мектебі, «Бизнес технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» мамандығының қазақ тобынан екі команда қатысты. «NetFem» тобының мүшелері: Амангалиева Ақгүл, Оразғазы Адия, Тлепберген Динара және «Marketing Game» тобының мүшелері: Ерланова Аяулым, Куланова Ару, Серикқұл Карина. Топ жетекшілері: э.ғ.к., профессор м.а. Ахметова З.Б., аға оқытушылар Турлыбекова Н.М., Аликбаева А.Б., Рысбаева Б.Б.

28 ақпан 2025 жылы Туран университетінде «Маркетинг» мамандығының студенттері арасында «USkills-up Marketing Battle» IV халықаралық маркетингтік турнирінің жеңімпаздары «Маркетинг» мамандығының қазақ тобынан қатысқан екі команда «NetFem» және «Marketing Game» топтары бірінші орын иегерлері атанды.