Студентік өмірдің жаңа ырғағына психологиялық бейімделу

2025 жылдың 3 наурызында сағат 12:00-де Филология факультетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен 6B02304 – Аударма ісі (батыс тілдері) мамандығының 1-курс студенттеріне арналған эдвайзерлік тәрбие сағаты өтті. Іс-шара ТДМ 3 бағдарламасы шеңберінде «Жақсы ден саулық және әл-ауқат», нақтырақ «Студентік өмірдің жаңа ырғағына психологиялық бейімделу» тақырыбына арналды және бұл кездесуді арнай түрде шақыртылған психолог-маман Турлықожа Темірлан Бекетұлы өткізді. Тәрбие сағаты шетел филологиясының докторанты А.Бекен және филология ғылымының кандидаты Акимбекова Г.Ш жетекшілігімен іске асты. Эдвайзерлік сағаттың мақсаты – Студенттердің жаңа өмірлік жағдайға – университеттік ортаға, оқу үдерісіне және әлеуметтік қарым-қатынасқа психологиялық бейімделуіне қолдау көрсету. Олардың эмоциялық тұрақтылығын арттыру, стресске төзімділігін дамыту және өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқу мен жеке дамуда табысқа жетуге ықпал ету. Іс шара барысында психолог-маман өз тарапынан бірнеше ойын ұйымдастыра алады. Мысалы:
"Танысу Time" – Студенттер екі екіге бөлініп, бір біріне өзі туралы қызықты ақпаратпен алмастып, оны баяндады. Бұл ойын қатысушыларды жақынырақ таныстырып, сенімді орта қалыптастырады.
"Storrytelling" – Бірінші отырған тәлімгер студенттік шақ туралы әнгіме бастады, оны ары қарай кезекпен студенттер ол әнгімені жалғастырды. Бұл ойын студенттердің креативті ойлау, еркін сөйлеу дағдыларын дамытты.
Тағы бір ойын студенттердің өз өзін жоғары бағалауға арналды. Ойыннан кейін психолог студенттермен бірге талқылау жүргізеді: бұл ойын сізге қандай әсер берді? Стресс жағдайында сіз өзіңізді қалай бағалайсыз? Өзіңізге сенімділікті қалай арттыруға болады?
Эдвайзерлік сағат барысында студенттер университеттік өмірдің жаңа ырғағына бейімделу жолдарын талқылады. Психолог-маманның қолдауымен олар өздерінің жаңа ортаға деген көзқарасын саралап, стрессті басқару, өз-өзіне сенімділікті арттыру және тиімді қарым-қатынас орнату әдістерін үйренді.
Басқа жаңалықтар

